Біздің серіктестеріміз

ASANUS — сапа стандарты жаңа премиялық бренд
Компания 18 000-нан астам әртүрлі хирургиялық құралды қамтитын премиум-класқа жататын хирургиялық құралдарды кешенді өндіруші және жеткізуші болып табылады және медицинаның барлық дерлік саласына арналған бұйымдардың кең түржинағын ұсынады.
ASANUS премиум-кластың хирургиялық құралдары мен инновациялық медициналық құрылғыларын әзірлеп және өндіріп, жаңа стандарттар жасайды.

Boston Scientific бүкіл әлем бойынша пациенттердің денсаулығын жақсартатын инновациялық медициналық технологиялардың көмегімен көп адамның өмірін өзгертеді. 40 жылдан астам уақыт медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы болып отырған компания өмір үшін ғылымды ілгерілетіп, пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын және медициалық қызмет көрсетудің құнын төмендететін жоғары өнімді шешімдердің кең ауқымын ұсынады. Boston Scientific құрылғылары мен емдеу әдістерінің портфелі дәрігерлерге күрделі жүрек-тамыр, респираторлық, ас қорыту, онкологиялық, неврологиялық және урологиялық аурулар мен жай-күйді диагностикалауға және емдеуге көмектеседі.

Әр нейрохирургиялық араласу жаңа сын-қатер дегенді білдіреді. Әр минуттың маңызы бар. Әрбір қадам дұрыс жасалуы керек. Бірқалыпты жұмыс процесінің нейрохирургтер, операциялық бригада және пациент үшін маңызы зор.
Black Forest Medical Group жиырма бес жылдан астам уақыт краниальді тұрақтандыру және миға операция жасауға арналған ретракторлық жүйелерді жасауға маманданып, күн сайын бұл саладағы түсінігін тереңдетіп келе жатыр. Компания бұл салаға үнемі қызығушылық білдіріп, дүние жүзіндегі серіктестері мен хирургтардың пікірін тыңдайды және қарым-қатынасын нығайтады, оларға қазір бар оңтайлы шешімдерді барынша тиімді пайдалану жолдарын үйретеді және өз кезегінде маңызды идеялар алады.

Интраоперациялық нейромониторинг жасауға арналған шешімдер.
Негізінен барлық операциялар, әсіресе миды, жұлынды немесе жүйкені қозғайтын ота қауіпті. Интраоперациялық нейрофизиологиялық мониторинг (ИОНМ) көп түрлі операция кезінде бұлшықеттің әлсіздігі, сезгіштікті жоғалту, есту қабілетінен айырылу және ағзаның негізгі функцияларының бұзылуы сияқты жойқын, қайтымсыз неврологиялық тапшылықтың қауіп-қатерін азайту үшін жасалады.
ИОНМ қолайсыз өзгерістерді анықтау, түзету әрекеттерін қамтамасыз ету және хирургиялық нұсқаулар беру үшін операция жасау кезінде жүйке жүйесінің электр потенциалдарын мультимодальды тіркеуді қамтиды.

Medtronic компаниясы әлемнің 150 елінде 95 000-нан астам қызметкері бар денсаулық сақтау жүйесінің технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Паркинсон ауруынан бастап қант диабетіне дейін 70-тен астам ауруды емдеуге арналған инновациялық шешімдерді әзірлейді. Адамзат тап болып жатқан денсаулыққа қатысты ең күрделі мәселелерді өмірді өзгертетін инновациялардың көмегімен кәсіби түрде шешеді.
Өзінің миссиясын тиісті дәрежеде орындап жатқан Medtronic зерттеу жүргізуде, ауыруды жеңілдететін, денсаулықты қалпына келтіретін және өмірді ұзартатын құралдарды немесе жабдықты жобалауда, өндіруде және сатуда биомедициналық инженерияны қолдану арқылы әлемдік медицинаға елеулі үлес қосып жатыр. Өнімін ең жоғары дәрежеде сенімді және аса сапалы етіп жасауға ұмтылады.

Merivaara операциялық үстелдері хирургиялық процедура жүргізу үшін орналастыру нұсқаларының өте кең ауқымын ұсынады. Merivaara үстелдері эргономика талаптары ескеріліп әзірленеді. Үстелде орналастыру мүмкіндіктерінің аса кең ауқымы және интеллектуалды басқару элементтері бүкіл хирургиялық бригаданың үйлесімді түрде жұмыс істеуіне көмектеседі.
Q-Flow хирургиялық жарықшамдары инфекция жұқтыру қаупін азайтады.
Q-Flow хирургиялық жарықшамы ауа ағыны оңтайлы қозғалатындай етіп құрастырылған, соның нәтижесінде операция бөлмесінде желдету жүйесі дұрыс жұмыс істейді. Q-Flow хирургиялық жарықшамының турбуленттілік қарқындылығы небары 15,9%, бұл талап етілетін 37,5% стандартынан айтырлықтай төмен.

NEUROVENT өлшеуіш катетерлері нейрохирургия саласында пайдаланылады. Инвазивті нейрохирургиялық процедура кезінде катетерлер сенімді түрде өлшеу үшін пайдаланылады:
1. Мидағы БІҚ (бассүйек ішіндегі қысымды) өлшеу.
Мидағы БІҚ (бассүйек ішіндегі қысымды) үздіксіз өлшеу — бассүйек ішіндегі қысымды анықтау үшін пайдаланылатын инвазивті процедура.

Smith&Nephew өмір сүрудің сапасын айтарлықтай жақсартатын өнімдерді әзірлейтін және шығаратын медициналық технологиялар саласының жаһандық компаниясы. Компания денсаулық сақтау саласының мамандарына пациенттердің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін денсаулығы мен мобилділігін қалпына келтіруге көмектеседі.