Merivaara

Merivaara операциялық үстелдері хирургиялық процедура жүргізу үшін орналастыру нұсқаларының өте кең ауқымын ұсынады. Merivaara үстелдері эргономика талаптары ескеріліп әзірленеді. Үстелде орналастыру мүмкіндіктерінің аса кең ауқымы және интеллектуалды басқару элементтері бүкіл хирургиялық бригаданың үйлесімді түрде жұмыс істеуіне көмектеседі.
Q-Flow хирургиялық жарықшамдары инфекция жұқтыру қаупін азайтады.
Q-Flow хирургиялық жарықшамы ауа ағыны оңтайлы қозғалатындай етіп құрастырылған, соның нәтижесінде операция бөлмесінде желдету жүйесі дұрыс жұмыс істейді. Q-Flow хирургиялық жарықшамының турбуленттілік қарқындылығы небары 15,9%, бұл талап етілетін 37,5% стандартынан айтырлықтай төмен. Q-Flow хирургиялық жарықшамы операция аймағын зиянды түтін мен газдан таза етіп ұстауға көмектесетіндіктен, операция бөлмесінде бөлшектер түріндегі қосымша жүктеме болмайды, бұл бүкіл хирургиялық бригаданың жұмыс жағдайын жақсартады.