Компания туралы
А-37 компаниясы Қазақстан Республикасының медицина нарығындағы қызметін 2005 жылы бөлшек саудадағы фармацевтикалық компания ретінде бастады.
2011 жылы денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды ілгерілетіп және бизнес салаларын кеңейтіп, компания медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдық нарығына шықты.
Қазіргі уақытта біздің серіктестеріміз Medtronic Inc., Merivaara Corp., Cadwell Industries, Inc., Boston Scientific Corporation, ASANUS Medizintechnik GmbH сияқты медициналық тауарлардың әлемдік өндірушілері және т.б. болып табылады.
Компания қызметінің негізгі бағыттары – травматология және ортопедия, нейрохирургия, кардиохирургия, интервенциялық хирургия, қарқынды терапия.
Біздің клиенттеріміз Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан 100-ден астам мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік медицина мекемелері болып табылады.