ASANUS

Image

ASANUS — сапа стандарты жаңа премиялық бренд

Компания 18 000-нан астам әртүрлі хирургиялық құралды қамтитын премиум-класқа жататын хирургиялық құралдарды кешенді өндіруші және жеткізуші болып табылады және медицинаның барлық дерлік саласына арналған бұйымдардың кең түржинағын ұсынады.

ASANUS премиум-кластың хирургиялық құралдары мен инновациялық медициналық құрылғыларын әзірлеп және өндіріп, жаңа стандарттар жасайды.

Хирургияның қарқынды дамуына орай компания үнемі әлемдегі ең жақсы мамандарға арнап инновациялық хирургиялық құралдарды әзірлеп жасайды.

ASANUS бұйымдарының өте дәл өлшемдері DIN стандарттарынан айтарлықтай асып түседі, мұның өзі хирургтардың кез келген уақытта құралды қолдануының функционалдығы сенімді болатынына кепілдік береді.

20 жылдан астам уақыт үздіксіз дамып келе жатқан ASANUS BarCon Logistics бағдарламалық жасақтамасының көмегімен аурухана логистикасына арналған кешенді бағдарламалық шешімдер жасалуда. Қосалқы жүйелер интеграциясының, сондай-ақ роботтар мен автоматтандырылған сақтау және тасымалдау жүйелерін басқаруының арқасында ASANUS осы саладағы технологиялар нарығының көшбасшысы болып есептеледі.

Зияткерлік бағдарламалық жасақтама мен медициналық өнімдерді интеграцияланған RFID технологиясымен біріктірген ASANUS жаңа халықаралық стандарттарды орнатып жатыр.

 

Біздің мекенжайымыз

050045/A15B0H7, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,Нұр Алатау шағын ауданы,
Қазыбек Тауасарұлы көшесі 24

Байланыс деректері

fas fa-phone-alt
fas fa-envelope