RAUMEDIC

Image

NEUROVENT өлшеуіш катетерлері нейрохирургия саласында пайдаланылады. Инвазивті нейрохирургиялық процедура кезінде катетерлер сенімді түрде өлшеу үшін пайдаланылады:

1. Мидағы БІҚ (бассүйек ішіндегі қысымды) өлшеу.

Мидағы БІҚ (бассүйек ішіндегі қысымды) үздіксіз өлшеу — бассүйек ішіндегі қысымды анықтау үшін пайдаланылатын инвазивті процедура.

2. Мидағы температураны өлшеу.

Мидағы БІҚ (бассүйек ішіндегі қысым) мониторингіне қоса температураны өлшеу қарқынды нейрохирургиялық мониторинг жасалуы тиіс пациенттерге мониторинг жүргізу үшін жүзеге асырылатын қосымша параметр болып табылады.

Мидағы температура дене ядросының температурасынан өзгешеленеді. Температураны өлшеу жолымен қабыну процестерін және мидағы температураның қауіпті жоғарылауын ерте кезеңде анықтауға болады. Бұған қоса, мидағы температура мен дене температурасының арасындағы температура айырмашылығына мониторинг жасау зақымдалмаған ми терморегуляциясы туралы қосымша ақпарат береді.

3. Мидағы оттектің парциалды қысымын өлшеу.

Жарақаттың немесе субарахноидалды қан құйылу (СҚҚ) сияқты жазатайым оқиғаның салдарынан ми алғашқы зақымдалғаннан кейін ми тінінің екінші қайтара зақымдану қаупі жоғары болады. Мұның негізгі себебі мидағы оттектің тапшылығы болып табылады. Пациенттердің көпшілігінде БІҚ (бассүйек ішіндегі қысымның) жоғары болуы ми перфузиясына жағымсыз әсер етеді, демек церебралды ишемияны тудыруы мүмкін. Мидың тініне оттектің баруының және оған деген қажеттіліктің арасындағы уақытша немесе тұрақты диспропорция тіндердің зақымдалуына және некрозға әкеп соқтыруы мүмкін.

 

Біздің мекенжайымыз

050045/A15B0H7, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,Нұр Алатау шағын ауданы,
Қазыбек Тауасарұлы көшесі 24

Байланыс деректері

fas fa-phone-alt
fas fa-envelope