Boston Scientific

Boston Scientific бүкіл әлем бойынша пациенттердің денсаулығын жақсартатын инновациялық медициналық технологиялардың көмегімен көп адамның өмірін өзгертеді. 40 жылдан астам уақыт медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы болып отырған компания өмір үшін ғылымды ілгерілетіп, пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын және медициалық қызмет көрсетудің құнын төмендететін жоғары өнімді шешімдердің кең ауқымын ұсынады. Boston Scientific құрылғылары мен емдеу әдістерінің портфелі дәрігерлерге күрделі жүрек-тамыр, респираторлық, ас қорыту, онкологиялық, неврологиялық және урологиялық аурулар мен жай-күйді диагностикалауға және емдеуге көмектеседі.
Компания нәтижені жақсартатын, тиімділікті арттыратын және ең бастысы, әлемнің көбірек жеріндегі көбірек адамға анағұрлым ұзақ және анағұрлым салауатты өмір сүруге көмектесетін маңызды инновациялардың кең портфелін әзірлеу үшін денсаулық сақтау саласының мамандарымен ықтымақтасып жұмыс істеуге ұмтылады.