Medtronic

Medtronic компаниясы әлемнің 150 елінде 95 000-нан астам қызметкері бар денсаулық сақтау жүйесінің технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Паркинсон ауруынан бастап қант диабетіне дейін 70-тен астам ауруды емдеуге арналған инновациялық шешімдерді әзірлейді. Адамзат тап болып жатқан денсаулыққа қатысты ең күрделі мәселелерді өмірді өзгертетін инновациялардың көмегімен кәсіби түрде шешеді.
Өзінің миссиясын тиісті дәрежеде орындап жатқан Medtronic зерттеу жүргізуде, ауыруды жеңілдететін, денсаулықты қалпына келтіретін және өмірді ұзартатын құралдарды немесе жабдықты жобалауда, өндіруде және сатуда биомедициналық инженерияны қолдану арқылы әлемдік медицинаға елеулі үлес қосып жатыр. Өнімін ең жоғары дәрежеде сенімді және аса сапалы етіп жасауға ұмтылады.
Денсаулық сақтау жүйесінің технологиялары саласының көшбасшысы ретінде бүкіл әлем бойынша адамдардың өмір сүруінің сапасын жақсартуға жағымды әсер ететін ерекше әлеуетке ие.