Black Forest Medical Group

Әр нейрохирургиялық араласу жаңа сын-қатер дегенді білдіреді. Әр минуттың маңызы бар. Әрбір қадам дұрыс жасалуы керек. Бірқалыпты жұмыс процесінің нейрохирургтер, операциялық бригада және пациент үшін маңызы зор.
Black Forest Medical Group жиырма бес жылдан астам уақыт краниальді тұрақтандыру және миға операция жасауға арналған ретракторлық жүйелерді жасауға маманданып, күн сайын бұл саладағы түсінігін тереңдетіп келе жатыр. Компания бұл салаға үнемі қызығушылық білдіріп, дүние жүзіндегі серіктестері мен хирургтардың пікірін тыңдайды және қарым-қатынасын нығайтады, оларға қазір бар оңтайлы шешімдерді барынша тиімді пайдалану жолдарын үйретеді және өз кезегінде маңызды идеялар алады.
Black Forest Medical Group өнімдерінің бүкіл дүние жүзінде мойындалуы компанияға жаңа және заманауи жұмыс орындарына инвестиция құюға, қосымша сарапшыларды жалдауға және нейрохирургияға арналған сенімді, инновациялық және жоғары технологиялы шешімдерді әзірлеуге қомақты ресурстарды салуға мүмкіндік береді.